Shax

Shax

АРАЛДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ ӨКІЛДІГІНДЕ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Арал қаласында Қызылорда ашық университетінің өкілдігі талапкерлерді қабылдау жұмысын бастады. Кездесуге Арал ауданы әкімінің орынбасары Кете – Төлеби Бержанов, университеттің бірінші проректоры Абайбек Жүнісов, академиялық мәселелер жөніндегі проректор, комиссия хатшысы Айгүл Әлібекова, оқу процесін тіркеуші офисінің меңгерушісі Ақмарал Омарова және ата-аналар мен талапкерлер қатысты.

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Қызылорда ашық университетінде 2024-2025 оқу жылына талапкерлердің құжаттарын қабылдау басталды. Қабылдау комиссиясы жұмысының салтанатты ашылу рәсіміне бірінші проректор Абайбек Жүнісов қатысып, оқуға түсушілерге сәттілік тіледі.

«Қызылорда ашық университеті талапкерлерді қабылдауға дайын. Қабылдау комиссиясы бүгіннен бастап ресми түрде өз жұмысын бастады. Биыл университетке түсушілер саны артады деп ойлаймыз. Құжат тапсыруға келген талапкерлер мен ата-аналар үшін барлығы жан-жақты қарастырылған», – деді проректор.

Ішкі академиялық ұтқырлық

Қызылорда ашық университетенің Отандық ЖОО-мен келісімдер тізімі

ЖОО атауы

Мекен-жайы

Лого

ЖШС «ASTANA IT UNIVERSITY»

Астана қаласы,

Мәңгілік Ел 55/11

«AML ACADEMY» қаржылық мониторинг академиясы акционерлік қоғамы

Астана қаласы, Ш.Уәлиханов к-сі, 11

Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU)

Алматы қаласы,

ул. Розыбакиева, 227

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

Қызылорда қаласы,

Айтеке би к-сі, 29А

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

Ақтау қаласы,

Микрорайон 32

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Өскемен қаласы,

30-шы Гвардиялық дивизия, 34

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Көкшетау қаласы,

М.Ауэзов к-сі, 189а

Жұмабек Тәшенев атындағы университеті

Шымкент қаласы,

Қонаев даңғылы, 21

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

Орал қаласы,

Н.Назарбаев даңғылы, 208

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

Тараз қаласы, Желтоқсан к-сі, 69Б

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Атырау, Студенческий даңғылы, 212

Алматы технологиялық университеті

Алматы, Төле би к-сі, 100

Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және Газ университеті

Атырау қаласы, Баймуханов 45А

«Тұран –Астана» университеті

Астана, Ы. Дүкенұлы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Алматы, Достық даңғылы, 13

Баишев университеті

Ақтөбе,

Ағайынды Жұбановтар к-сі 302А

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Тараз қаласы, Сүлейменова даңғылы, 7

Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

Шымкент қаласы,

А.Байтұрсынов көшесі, 13

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті

Шымкент қаласы, Төле би, 32

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

Көкшетау қаласы, Абай к-сі, 76

21.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Ақтөбе қаласы,

А.Молдағұлова к., 34

Халықаралық білім беру корпорациясы

Алматы қ., Рыскұлбеков к., 28

     23.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Шымкент, Тәуке хан даңғылы, 5

Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық дегеніміз не?

Академиялық ұтқырлық дегеніміз – өзі оқитын жоғары оқу орынындағы білім беру бағдарламаларын меңгеруін кредит түрінде міндетті түрде қайта есептей отырып білім алушылардың белгілі бір академиялық кезеңде: семестр немесе оқу жылында білім алу үшін басқа (мемлекет ішіндегі немесе шетелдік) жоғары оқу орнына ауыстырылуы немесе басқа жоғары оқу орынында білімін жалғастыруы.

Академиялық ұтқырлықтың мақсаты-оқу орнынан тыс білім беру немесе ғылыми бағдарламаларға қатысу арқылы білімді, тәжірибені және халықаралық кәсіби мүмкіндіктерді кеңейту.

Академиялық ұтқырлықтың артықшылықтары әртүрлі оқу және зерттеу ресурстарына қол жеткізуді, терең мәдениетаралық алмасу мүмкіндігін, кәсіби көкжиектерді кеңейтуді және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруды қамтиды.

Университет оқытушылары арнайы оқыту курсынан өтті

Қызылорда ашық университетінің оқытушылары Түркістан облысында өткен «Инклюзивті білім беру моделін дамыту және оқыту» атты оқыту курсына қатысты. Шара 4-13 маусым күндері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Курста Греция республикасының «National and Kapodistrian» және «University of Athens» университетінің профессор-оқытушылары өз тәжірибесімен бөлісті. Қатысушыларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте инклюзивті білім берудің қыр-сырын үйретті. Қазіргі таңда әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие мен сапалы білім беру, өмір талабы болып табылады.

БІЛІКТІ МАМАН – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Қызылорда ашық университетінде «Экология» білім беру бағдарламасы бойынша бітіруші курс студенттері қорытынды аттестаттау кезеңінен өтті.
Қорытынды аттесттау кезеңінің комиссия төрайымы Қорқыт ата атындаты Қызылорда университеті «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Гүлнұр Далдабаева бекітілді.

УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫ ӨЗ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ

Қызылорда ашық университетінде ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында нәтижелі жұмыстар жүруде. Биылғы оқу жылында университет ғалымдары әріптестік байланыстың нәтижесінде отандық оқу орындарында ақпарат алмасып, өзге оқу орнының білім алушыларына дәріс оқыды. Атап айтсақ, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Айгүл Әлібекова, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде оқытушыларымыз Арайлым Жармаханова мен Ақбөбек Ябинова тәжірибе алмасты.

10.04.2024ж.

 

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

         КОНКУРС!                          10 сәуір  2024 года

Қызылорда ашық университеті ағымдағы 2023-2024 оқу жылына бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

Қызылорда ашық университеті ағымдағы 2023-2024 оқу жылының бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

1.«Инженерлік технологиялар» кафедрасы бойынша: 

- 6В07261 – Мұнай газ ісі білім беру бағдарламасы бойынша, аға оқытушы, ғылыми дәрежесімен (ғылым кандидаты, PhD (философия докторы), бейінді бойынша доктор - 1 штат бірлігі.

Конкурсқа қатысуға үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:

Университетте жұмыс істейтін тұлғалар өтінішке келесі құжаттарды қоса береді:

  • Университеттің белгіленген тәртібінде куәландырылған жарияланған және оған теңестірілген ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың тізімі.

Конкурсқа алғаш рет қатысатын тұлғалар өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:

1.Университет ректоры атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2.жеке куәлігінің көшірмесі;

3.кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың (білім туралы құжаттардың) көшірмелері;

4.соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса); (бұл тармақ практик-оқытушыларға немесе өндірісте еңбек өтілі бар адамдарға қатысты қолданылмайды);

5.ұйымның кадр қызметінің қолымен немесе ғылыми мақалаларды жариялау бедерімен расталған соңғы 5 жылдағы ғылыми еңбектерінің тізімі (бұл тармақ практик-оқытушыларға немесе өндірісте еңбек өтілі бар адамдарға қолданылмайды);

  1. еңбек кітапшасының көшірмесі немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс немесе практикалық қызмет өтілін растайтын өзге де құжаттар /немесе түйіндеме, қызметтік тізімі.

Конкурсқа қатысушылар өзінің білімі, еңбек өтілі, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпараттарды ұсына алады.

Сіз "Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесінің педагогтердің (ПОҚ  құрамына) лауазымдарына конкурстық орналасу ережелерімен» және «"Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесінің педагогтарының (ПОҚ қурамы) лауазымдықбіліктілік сипаттамалары ережелерімен» Университет сайтында https:ouk.edu.kz ("Бос орындар" бөлімінде) таныса аласыз.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. 

Конкурстық құжаттарды сканерленген ұсқада электрондық поштаға Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. ұсынуға болады, сондай-ақ құжаттар Кызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі 72А, «Қызылорда ашық университеті», Әкімшілік және  кадрлық жұмыстар басқармасы (207 кабинет) мекенжайы бойынша,  жұмыс күндері сағат 9.00- ден 18.00-ге дейін қолма-қол қабылданады, телефондары: 87012226151, 87017246995.

Конкурсты өткізу күні, орны және форматы қосымша хабарланатын болады.

Subscribe to this RSS feed