🌐БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҒЫЛЫМНЫҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН ӘСЕРІ
2025 жылғы 12 маусымда өткен «Education in a Changing World: multidisciplinary perspectives for Global Progress» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция – білім беру саласындағы жаһандық ынтымақтастық пен ғылыми ықпалдастықтың жарқын үлгісі болды ✨. Бұл конференция онлайн форматта ұйымдастырылып, әлемнің әр түкпірінен білім мен ғылымның көшбасшыларын бір алаңда тоғыстырды.
📌Конференцияны ұйымдастырушы жетекші оқу орындарының бірі – Қызылорда ашық университеті болды.
Қазіргі заман – қарқынды өзгерістер дәуірі ⚡. Технологияның дамуы, жаһанданудың әсері 🌎, экологиялық және әлеуметтік мәселелер 🌱 білім беру жүйесінен жаңа шешімдер мен тың көзқарастарды талап етуде. Осыған орай конференцияның негізгі мақсаттары:
🔹 академиялық және ғылыми дамуды жандандыру,
🔹 білім беру саясатында инновация мен тәжірибені ұштастыру,
🔹 пәнаралық зерттеулерді қолдау,
🔹 білім беру жүйелерін болашаққа бағыттау.
Конференция барысында қатысушылар білім саласының өзекті мәселелерін ортаға салып, тың идеялар мен озық тәжірибелермен бөлісті 💡🤝. АҚШ, Германия, Қытай, Австралия, Бразилия, Пакистан, Индонезия, Сингапур, Өзбекстан және Қазақстаннан қатысқан ғалымдар жаһандық өзгерістер жағдайында білім беру болашағын талқылады.
📢 Қызылорда ашық университетінің Педагогика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Рыскүл Мұратбекқызы Оразалиева спикер ретінде «Жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық құзыреттілігін дамыту ерекшеліктері» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Баяндама қазіргі экологиялық мәселелер мен білімнің байланысын ашып, болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдарын ұсынды 🌱🎓.
Аталмыш конференция – сапалы білімнің маңызын айқын көрсеткен маңызды шара болды ✅.