📚 ҚЫЗЫЛОРДА АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ АККРЕДИТТЕЛДІ
Қызылорда ашық университеті Қазақстан Республикасының «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, бес жыл мерзімге ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелді.
📄 Аккредитация туралы куәлік университетке:
• Мемлекеттік бюджеттен,
• Халықаралық ұйымдар мен қорлардан,
• Жеке бизнес құрылымдарынан,
• Үкіметтік емес қорлар мен ұйымдардан қаржыландырылатын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға қатысу құқығын береді.