Shax

Shax

АЛМАТЫ: Ғылым ордасында ғалымдар жиналды

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен кездесті. Жиында Президент ғылым мен білім саласын дамыту керек екенін айтты. Ғылым саласына көрсетілетін мемлекеттік қолдау мен ғалымдардың міндеті туралы баяндады.

ШЕТЕЛДІК ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Бүгінде университеттің ынтымақтастық көкжиегі кеңейіп, белгілі жоғары оқу орындарымен әріптестік байланысы дамып келеді. Нәтижесінде, биылғы оқу жылында білім алушылар шетелдік және отандық ғалымдардан дәріс алды.

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫҢ ҰТЫМДЫҒЫ

Қызылорда ашық университетінде – академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттердің білімін арттыру басты міндеттердің бірі. Биылғы оқу жылында аталмыш бағдарлама аясында біршама студент өз білімдерін жетілдірді.

СИНГАПУР: Ғылым мен жоғары білім саласындағы әріптестіктің жаңа шыңы

Қызылорда ашық университетінің бірінші проректоры Абайбек Талғатұлы Сингапур Ұлттық Университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Қазақстан-Сингапур ректорларының «Ғылым мен жоғары білім саласындағы әріптестіктің жаңа шыңы» атты форумына қатысты. 

⚜️ Қымбатты түлектер!

⚜️ Өмір белестеріңіздегі балалық шақтың ең айтулы күні – мектеп бітіру сәтінмен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Жауапты да салмақты ендігі асу – жүрек қалауындағы мамандықты дұрыс таңдап, сапалы маман болу бағытындағы жоғары білімді тыңғылықты игеру жолындағы еңбектеріңізге жеміс тілейміз.

🖊️ КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

🖊️ Қызылорда ашық университетінің ректораты мен ұжымы Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің үздігі», Педагогика ғылымының кандидаты, академиялық профессор, ғалым-ұстаз Серікбаев Ғабит Өмірзақұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

ШЕТЕЛДІК БАҚ: Шекарасыз әлем

Қызылорда ашық университеті делегациясының Беларусь еліндегі іссапары туралы  «Настаўнік» газетінің №6 санында мақала жарияланды. Басылым Максим Танка атындағы Беларусь  мемлекеттік педагогикалық университетінде 1972 жылдан бері шығып келеді. Газеттің басты бетінде «Шекарасыз әлем» тақырыбында жарияланған материалда екі оқу орны арасындағы ынтымақтастық байланыс баяндалған.

Subscribe to this RSS feed