Жиі қойылатын сұрақтар
Жиі қойылатын сұрақтар
- Студенттер үшін қандай академиялық ұтқырлық бағдарламалары бар?
 
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен;
 - Erasmus+ және т.б. бағдарламар арқылы бара алады.
 
- Erasmus+ бағдарламасы деген не?
 
Erasmus+ бағдарламасы-бұл әртүрлі елдердегі оқу орындары арасындағы студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығына ықпал ететін Еуропалық комиссияның бастамасы, оның мақсаты мәдени және білім алмасуды нығайту болып табылады.
- Алмасу бағдарламаларына қандай оқу орындары мен елдер қатысады?
 
Қызылорда ашық университетінің студенттері бара алатын ЖОО-ның тізімін Ішкі және Сыртқы академиялық ұтқырлық бөлімінен көре аласыз.
- Бағдарламаға қатысушыларға қандай талаптар қойылады?
 
- IELTS (немесе сертификат);
 - GPA-3,0 немесе одан жоғары;
 - Өтініш беру кезінде студент 1 семестрді бітіруі керек (бакалавриат немесе магистратура);
 - Қазақ тілін білу керек;
 - Құжаттарды көрсетілген уақыт аралығында өткізу шарт.
 
- Бағдарламаға қатысуға өтінім берудің нұсқаулығы мен мерзімдері қандай?
 
Бағдарламаға қатысуға өтінім беру (нұсқаулықта) көрсетілген.
- Бағдарламаға қатысу үшін қандай тілдік талаптар бар?
 
Қазақ тілін жетік меңгерген.
Ағылшын тілі – IELTS сертификаты.
IELTS болмаған жағдайда Intermediate деңгейі және одан жоғары екендігін дәлелдейтін сертификат.