Shax

Shax

ШЕТЕЛДІК ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Бүгінде университеттің ынтымақтастық көкжиегі кеңейіп, белгілі жоғары оқу орындарымен әріптестік байланысы дамып келеді. Нәтижесінде, биылғы оқу жылында білім алушылар шетелдік және отандық ғалымдардан дәріс алды.

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫҢ ҰТЫМДЫҒЫ

Қызылорда ашық университетінде – академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттердің білімін арттыру басты міндеттердің бірі. Биылғы оқу жылында аталмыш бағдарлама аясында біршама студент өз білімдерін жетілдірді.

СИНГАПУР: Ғылым мен жоғары білім саласындағы әріптестіктің жаңа шыңы

Қызылорда ашық университетінің бірінші проректоры Абайбек Талғатұлы Сингапур Ұлттық Университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Қазақстан-Сингапур ректорларының «Ғылым мен жоғары білім саласындағы әріптестіктің жаңа шыңы» атты форумына қатысты. 

⚜️ Қымбатты түлектер!

⚜️ Өмір белестеріңіздегі балалық шақтың ең айтулы күні – мектеп бітіру сәтінмен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Жауапты да салмақты ендігі асу – жүрек қалауындағы мамандықты дұрыс таңдап, сапалы маман болу бағытындағы жоғары білімді тыңғылықты игеру жолындағы еңбектеріңізге жеміс тілейміз.

🖊️ КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

🖊️ Қызылорда ашық университетінің ректораты мен ұжымы Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің үздігі», Педагогика ғылымының кандидаты, академиялық профессор, ғалым-ұстаз Серікбаев Ғабит Өмірзақұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

ШЕТЕЛДІК БАҚ: Шекарасыз әлем

Қызылорда ашық университеті делегациясының Беларусь еліндегі іссапары туралы  «Настаўнік» газетінің №6 санында мақала жарияланды. Басылым Максим Танка атындағы Беларусь  мемлекеттік педагогикалық университетінде 1972 жылдан бері шығып келеді. Газеттің басты бетінде «Шекарасыз әлем» тақырыбында жарияланған материалда екі оқу орны арасындағы ынтымақтастық байланыс баяндалған.

18 қыркүйек 2023 ж.

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

 КОНКУРС!                                  18 қыркүйек 2023 ж.

Қызылорда ашық университеті ағымдағы 2023-2024 оқу жылына бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

Қызылорда ашық университеті ағымдағы 2023-2024 оқу жылының бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

3.«Экономика және басқару» кафедрасы бойынша:

- кафедра меңгеруші, ғылыми дәрежесімен (ғылым кандидаты, PhD (философия докторы), бейінді бойынша доктор -1 шт.бірлігі;

Біліктілікке қойылатын талаптар:

- жоғары білімі немесе  кафедра бейіні бойынша мамандар даярлау бағытына сәйкес келетін ЖОО кейінгі білімі және/немесе ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты,  ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіндік доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіндік доктор академиялық дәрежесі, немесе философия докторы (PhD), бейіндік доктор дәрежесі болуы;

Конкурсқа қатысуға үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:

Университетте жұмыс істейтін тұлғалар өтінішке келесі құжаттарды қоса береді:

  • Университеттің белгіленген тәртібінде куәландырылған жарияланған және оған теңестірілген ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың тізімі.

Конкурсқа алғаш рет қатысатын тұлғалар өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:

1.Университет ректоры атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2.жеке куәлігінің көшірмесі;

3.кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың (білім туралы құжаттардың) көшірмелері;

4.соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса); (бұл тармақ практик-оқытушыларға немесе өндірісте еңбек өтілі бар адамдарға қатысты қолданылмайды);

5.ұйымның кадр қызметінің қолымен немесе ғылыми мақалаларды жариялау бедерімен расталған соңғы 5 жылдағы ғылыми еңбектерінің тізімі (бұл тармақ практик-оқытушыларға немесе өндірісте еңбек өтілі бар адамдарға қолданылмайды);

  1. еңбек кітапшасының көшірмесі немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс немесе практикалық қызмет өтілін растайтын өзге де құжаттар /немесе түйіндеме, қызметтік тізімі.

Конкурсқа қатысушылар өзінің білімі, еңбек өтілі, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпараттарды ұсына алады.

Сіз "Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесінің педагогтердің (ПОҚ  құрамына) лауазымдарына конкурстық орналасу ережелерімен» және «"Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесінің педагогтарының (ПОҚ қурамы) лауазымдықбіліктілік сипаттамалары ережелерімен» Университет сайтында https:ouk.edu.kz ("Бос орындар" бөлімінде) таныса аласыз.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. 

Конкурстық құжаттарды сканерленген ұсқада электрондық поштаға Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. ұсынуға болады, сондай-ақ құжаттар Кызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі 72А, «Қызылорда ашық университеті», Әкімшілік және  кадрлық жұмыстар басқармасы (207 кабинет) мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 9.00- ден 18.00-ге дейін қолма-қол қабылданады, телефондары: 87012226151, 87017246995.

Конкурсты өткізу күні, орны және форматы қосымша хабарланатын болады.

 

Subscribe to this RSS feed