
Shax
УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫ ӨЗ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ
Қызылорда ашық университетінде ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында нәтижелі жұмыстар жүруде. Биылғы оқу жылында университет ғалымдары әріптестік байланыстың нәтижесінде отандық оқу орындарында ақпарат алмасып, өзге оқу орнының білім алушыларына дәріс оқыды. Атап айтсақ, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Айгүл Әлібекова, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде оқытушыларымыз Арайлым Жармаханова мен Ақбөбек Ябинова тәжірибе алмасты.
- Published in Жаңалықтар
- Be the first to comment!
10.04.2024ж.
БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ
КОНКУРС! 10 сәуір 2024 года
Қызылорда ашық университеті ағымдағы 2023-2024 оқу жылына бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды
Қызылорда ашық университеті ағымдағы 2023-2024 оқу жылының бос лауазымдарына конкурс жариялайды.
1.«Инженерлік технологиялар» кафедрасы бойынша:
- 6В07261 – Мұнай газ ісі білім беру бағдарламасы бойынша, аға оқытушы, ғылыми дәрежесімен (ғылым кандидаты, PhD (философия докторы), бейінді бойынша доктор - 1 штат бірлігі.
Конкурсқа қатысуға үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:
Университетте жұмыс істейтін тұлғалар өтінішке келесі құжаттарды қоса береді:
- Университеттің белгіленген тәртібінде куәландырылған жарияланған және оған теңестірілген ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың тізімі.
Конкурсқа алғаш рет қатысатын тұлғалар өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
1.Университет ректоры атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2.жеке куәлігінің көшірмесі;
3.кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың (білім туралы құжаттардың) көшірмелері;
4.соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса); (бұл тармақ практик-оқытушыларға немесе өндірісте еңбек өтілі бар адамдарға қатысты қолданылмайды);
5.ұйымның кадр қызметінің қолымен немесе ғылыми мақалаларды жариялау бедерімен расталған соңғы 5 жылдағы ғылыми еңбектерінің тізімі (бұл тармақ практик-оқытушыларға немесе өндірісте еңбек өтілі бар адамдарға қолданылмайды);
- еңбек кітапшасының көшірмесі немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс немесе практикалық қызмет өтілін растайтын өзге де құжаттар /немесе түйіндеме, қызметтік тізімі.
Конкурсқа қатысушылар өзінің білімі, еңбек өтілі, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпараттарды ұсына алады.
Сіз "Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесінің педагогтердің (ПОҚ құрамына) лауазымдарына конкурстық орналасу ережелерімен» және «"Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесінің педагогтарының (ПОҚ қурамы) лауазымдықбіліктілік сипаттамалары ережелерімен» Университет сайтында https:ouk.edu.kz ("Бос орындар" бөлімінде) таныса аласыз.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Конкурстық құжаттарды сканерленген ұсқада электрондық поштаға Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. ұсынуға болады, сондай-ақ құжаттар Кызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі 72А, «Қызылорда ашық университеті», Әкімшілік және кадрлық жұмыстар басқармасы (207 кабинет) мекенжайы бойынша, жұмыс күндері сағат 9.00- ден 18.00-ге дейін қолма-қол қабылданады, телефондары: 87012226151, 87017246995.
Конкурсты өткізу күні, орны және форматы қосымша хабарланатын болады.
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Q&A/сұрақ-жауап: МАҒЖАН МЕЙРАМБЕКҰЛЫ
Білім алушылардың жетістіктері мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Q&A/сұрақ-жауап» айдарында жаңа кейіпкер.
- Published in Жаңалықтар
- Be the first to comment!
📌 Қызылорда ашық университетінде 6В04141- «Есеп және аудит», 6В04140 - «Экономика» және 6В11476 - «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламалары бойынша бітіруші курс студенттеріне қорытынды аттестаттау кезеңі басталды.
📌 ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылы 20 шілдедегі Nº 2 бұйрығына сай және Қызылорда ашық университеті білім
алушыларының үлгеріміне ағымдық, бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі негізінде қорытынды аттестаттау
комиссиясының құрамы, университеттің Ғылыми Кеңесі 27 желтоқсан 2023 жылы Nº 5 хаттамасынын шешіміне сәйкес Қорқыт Ата
атындаты Қызылорда университеті «Экономика және баскару» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты - Абдимомынова Алмакул Шакирбековна комиссия төрайымы болып бекітілді.
- Published in Жаңалықтар
- Be the first to comment!
Ғалым Дархан Байниязов облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
Сыр еліне белгілі ғалым, ұстаз Дархан Байниязов 60 жасқа толды. Қызылорда ашық университетінде мерейлі мерейтойға арналған жиын өтті. Басқосуда ғалымға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Құрмет грамотасы табысталды.
- Published in Жаңалықтар
- Be the first to comment!
Q&A/сұрақ-жауап: ЖАНЕЛЬ НҰРЛАНҚЫЗЫ
«Q&A/сұрақ-жауап» айдарының кезекті кейіпкері – Жанель Нұрланқызы
- Published in Жаңалықтар
- Be the first to comment!
Арайлы азаттығымыздың кепілі – Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Бүгінде Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – әлем елдері үшін тыныштық пен ізгіліктің, бейбітшілік пен еркіндіктің символы.
- Published in Жаңалықтар
- Be the first to comment!
Кітапхана жаңа туындымен толықты
Қызылорда ашық университетінің кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты. Бағалы сыйлықты Халықаралық туризм және меймандостық университетінің профессоры Жандос Есіркепов тапсырды.
- Published in Жаңалықтар
- Be the first to comment!
БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Қызылорда ашық университетінің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, Қызылорда облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Маржан Бисенова балалар күніне арналған салтанатты шараға қатысты. Отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылының балғындары «Біз бақытты баламыз!» тақырыбында оқу жылын қорытындылап, жетістіктерімен бөлісті.
- Published in Жаңалықтар
- Be the first to comment!
АЛМАТЫ: Ғылым ордасында ғалымдар жиналды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен кездесті. Жиында Президент ғылым мен білім саласын дамыту керек екенін айтты. Ғылым саласына көрсетілетін мемлекеттік қолдау мен ғалымдардың міндеті туралы баяндады.
- Published in Жаңалықтар
- Be the first to comment!