
Хабарландыру (135)
Children categories
11.08.2025
БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ
КОНКУРС! 11 тамыз 2025 жыл
Қызылорда ашық университеті ағымдағы 2025-2026 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды
- «Құқық және қызмет көрсету» кафедрасы білім беру бағдарламасы бойынша:
- 6В04248 - Құқықтану (Мемлекеттік қызмет) – аға оқытушы 1 шт.біргігі;
- 6В04249 - Құқықтану (Қаржы құқығы) – аға оқытушы 1 шт.біргігі;
- 6В02132 - Дизайн – аға оқытушы 1 шт.біргігі;
- 6В05247 - Экология – аға оқытушы 1 шт.біргігі;
- 6В11111 - Мәдени және тынығу жұмысы - аға оқытушы 1 шт.біргігі.
- «Экономика және басқару» кафедрасы білім беру бағдарламасы бойынша:
- 6В04140 - Экономика – профессор – 1 шт.бірлігі; доцент 1 шт.бірлігі, аға оқытушы – 2 шт.бірлігі;
- 6В04141 - Есеп және аудит – аға оқытушы 2 шт.бірлігі;
- 6В11476 - Әлеуметтік жұмыс – аға оқытушы 1 шт.бірлігі.
- «Педагогика» кафедрасы білім беру бағдарламасы бойынша:
- 6В01409 - Кәсіптік оқыту – аға оқытушы 1 шт.бірлігі;
- 6В01101 - Педагогика и психология – аға оқытушы 1 шт.бірлігі;
- 6В01301 - Бастауыш оқытудын педагогикасы мен әдістемесі – аға оқытушы 1 шт.бірлігі;
- 6В01407 - Дене шынықтыру және спорт - аға оқытушы 1 шт.бірлігі;
- 6В01408 – Бейнелеу өнері және сызу – аға оқытушы 1 шт.бірлігі;
- Пәндер бойынша:
- Шет тілі пәні - аға оқытушы 1 шт. бірлігі;
- Программалау пәні - аға оқытушы 1 шт. бірлігі;
- Алгоритмдік тілде бағдарламалау - аға оқытушы 1 шт. бірлігі.
- «Инженерлік технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша:
- 6В11380 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру – аға оқытушы - 2 шт.бірлігі;
- 6В07365 - Құрылыс – аға оқытушы 1 шт. бірлігі;
- 6В06150 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету – аға оқытушы 1 шт.бірлігі;
- 6В07155 – Электроэнергетика – аға оқытушы 1 шт.бірлігі;
- Пәндер бойынша:
- AutoCAD және автоматтандырылған жобалау негіздері - аға оқытушы 1 шт.бірлігі;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- жоғары білімі немесе кафедра бейіні бойынша мамандар даярлау бағытына сәйкес келетін ЖОО кейінгі білімі және/немесе ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіндік доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіндік доктор академиялық дәрежесі, немесе философия докторы (PhD), бейіндік доктор дәрежесі болуы.
Конкурсқа қатысуға үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:
Университетте жұмыс істейтін тұлғалар өтінішке келесі құжаттарды қоса береді:
- Ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (өтініште үміткер біліктілігі мен жұмыс тәжірибесін куәландыратын өзі туралы негізгі мәліметтерді көрсетеді;
- Соңғы үш жылдағы оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері;
- Университет белгіленген тәртіппен куәландырылған жарияланған және оларға теңестірілген ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың тізбесі;
- Кафедраның ұсынысы;
- Ағылшын тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат.
Конкурсқа алғаш рет қатысатын тұлғалар өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
1.Университет ректоры атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Түйіндеме немесе қызметтік тізімі;
- Жеке куәлігінің көшірмесі;
- Үміткердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың (білім туралы құжаттардың) көшірмелері;
- Еңбек кітапшасының көшірмесі немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс немесе практикалық қызмет өтілін растайтын құжаттар;
6.Сонғы үш жылдағы қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (осы тармақ тәжірібелі оқытушыларға немесе өндірістік салада жұмыс өтілі расталған тұлғаларға қатысы қолданылмайды);
- Университет белгіленген тәртіппен куәландырылған жарияланған және оларға теңестірілген ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың тізімі;
- Адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
9.Конкурсқа қатысушы есепте тұрмайтындығы туралы жүйкеневрологиялық және наркологиялық мекемеден анықтама;
10.№ 075/у нысаны бойынша медииналық анықтама;
- Ағылшын тілін меңгергенің растайтын халықаралық сертификат.
Конкурсқа қатысушылар өзінің білімі, еңбек өтілі, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпараттарды ұсына алады.
Үміткер «Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесінің педагогтердің (ПОҚ құрамына) лауазымдарына конкурстық орналасу ережелерімен» және «Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесінің педагогтарының (ПОҚ қурамы) лауазымдық біліктілік сипаттамалары ережелерімен» Университет сайтында https://ouk.edu.kz/kz/ ("Бос орындар" бөлімінде) таныса алады..
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Конкурстық құжаттарды сканерленген нұсқада электрондық поштаға Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. болады, сондай-ақ құжаттар Кызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі 72А, «Қызылорда ашық университеті», Әкімшілік және кадрлық жұмыстар басқармасы (207 кабинет) мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қолма-қол қабылданады.
Конкурсты өткізу күні, орны және форматы қосымша хабарланатын болады. Анықтама телефондары: 87017246995.
- Published in Хабарландыру
- Written by Shax
- Add new comment
12.08.2025
“Қызылорда ашық университеті” білім беру мекемесі
Ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы лауазымына (1 бірлік) бос орынға конкурс жариялайды.
Лауазымға қойылатын талаптар:
- Ақпараттық технологиялар, инновацияларды басқару немесе тиісті салалар бойынша жоғары білім;
- Ақпараттық технологиялар саласында табысты басшылық тәжірибесі (кемінде 2–3 жыл);
- Қазіргі цифрлық технологиялар мен трендтерді, соның ішінде жасанды интеллектті терең түсіну;
- IT-командаға басшылық ету және мердігерлермен жұмыс істеу тәжірибесі;
- Жоғары деңгейдегі коммуникативтік және презентациялық дағдылар;
- Ағылшын тілін кәсіби қарым-қатынас жүргізуге жеткілікті деңгейде меңгеру;
- Кәсіби IT-білім мен дағдылар: веб-қосымшалар мен мобильді қосымшалардың архитектурасын білу, UX/UI дизайн қағидаттары, ақпараттық қауіпсіздік, желілік технологиялар. Даму әдістемелерін (Agile, Scrum, Kanban) түсіну. Прототиптеу құралдарымен (мысалы, Figma, Adobe XD) жұмыс істеу тәжірибесі;
- Жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету және қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және бақылау.
Міндеттері:
- Университеттің кешенді цифрлық трансформациясын басқару, оның ішінде инновациялық цифрлық өнімдер мен сервистерді әзірлеу және енгізу, сондай-ақ студенттердің алдыңғы қатарлы технологиялық бағыттардағы жобалық қызметін ұйымдастыру;
- Стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыру: университеттің цифрлық стратегиясының vision-ын әзірлеу және іске асыру, университеттің мақсаттарын терең түсіну және оларды нақты цифрлық бастамаларға айналдыру. Қойылған мақсаттарға жету үшін команданың тиімді жұмысын ұйымдастыру;
- Цифрлық өнімдерді әзірлеуді басқару: веб-сайттар, мобильді қосымшалар (Astana Hub аналогы), білім беру платформалары және басқа да цифрлық сервистерді құру талаптарын толық түсіну, олардың орындалуын бақылау;
- Студенттік инновациялық жобаларды ұйымдастыру: студенттік командаларды қалыптастыру және басқару, олардың оқуына және жобаларды тәжірибе жүзінде жүзеге асыруына жағдай жасау;
- IT-инфрақұрылымды және команданы басқару: жүйелік әкімшілер мен IT-бөлімнің басқа да мамандарының қызметін басқару, университеттің IT-инфрақұрылымының тұрақты және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету;
- Коммуникация және өзара іс-қимыл: университет басшылығымен, оқытушылармен, студенттермен және сыртқы серіктестермен тиімді қарым-қатынас орнату. Цифрландыру стратегиясын және жобалар нәтижелерін таныстыру;
- Нетворкинг және мүмкіндіктерді іздеу: IT-индустрияда және білім беру саласында кәсіби байланыстар желісін дамыту және қолдау. Университеттің цифрлық бастамаларын дамыту үшін әлеуетті серіктестерді, инвесторларды және мүмкіндіктерді іздеу;
- Техникалық сараптама және құралдар: негізгі бағдарламалау тілдерін (Java, Python, JavaScript, C#), деректер базасын басқару жүйелерін, бұлттық технологияларды (AWS, Azure, Google Cloud) терең түсіну. Жобаларды басқару жүйелерімен, нұсқаларды басқару жүйелерімен (Git) жұмыс істеу тәжірибесі. CI/CD қағидаттарын түсіну. Жасанды интеллект және машиналық оқыту негіздерін білу, тиісті кітапханалармен және фреймворктермен (TensorFlow, PyTorch) жұмыс істеу тәжірибесі;
- Мемлекеттік сатып алу процесіне байланысты IT-инфрақұрылымды басқару.
Мыналар бойынша білімге ие болуы тиіс:
- Қазіргі заманғы компьютерлік және желілік жабдықтар;
- Бағдарламалық қамтамасыз етудің әртүрлі түрлері;
- Бағдарламалау;
- Ақпаратты автоматты өңдеу және сақтау тәсілдері;
- Байланыс құралдары, интернет-орта;
- Техникалық құжаттама стандарттары;
- Бизнесті жүргізу негіздері;
- Еңбек заңнамасы;
- Персоналды басқару;
- IT-жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету (ақпарат пен IT-инфрақұрылымды рұқсатсыз кіруден, вирустардан және басқа қауіптерден қорғау шараларын әзірлеу және енгізу).
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (университет қызметкері):
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Университеттің цифрлық даму стратегиясы (5–7 слайдтан аспайтын презентация).
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (университет қызметкері емес):
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Еркін формада жазылған өмірбаяны;
- Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың үзінді көшірмелері;
- ҚР ДСМ-нің 30.10.2020 ж. №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысанды медициналық анықтама;
- ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінен берілетін, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны немесе жасамағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы жөніндегі анықтама;
- Университеттің цифрлық даму стратегиясы (5–7 слайдтан аспайтын презентация).
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
Мекенжайы: Қызылорда қ., Ғ. Мұратбаев көшесі, 72, Қызылорда ашық университетінің оқу корпусы, №207 кабинет немесе электронды пошта арқылы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Анықтама үшін тел.: 8 701 724 6995
- Published in Хабарландыру
- Written by Shax
- Add new comment
Құрметті 2025 жылғы түлектер!🎓
Сіздерді үлкен мақтанышпен диплом табыстау салтанатты рәсіміне шақырамыз!
🗓️9 шілде
🏛️А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі
- Published in Университет
- Written by Shax
- Add new comment
Қызылорда ашық университетінің халықаралық келісімшарттары
Қызылорда ашық университетінің халықаралық келісімшарттары
№ |
ЖОО атауы |
Мекен-жайы |
Лого |
|
Сакария қолданбалы ғылымдар университеті |
Түркия Республикасы |
|
|
Ыстанбұл Есенюрт университеті |
Түркия Республикасы |
|
|
Корейский национальный открытый университет |
Корея |
|
|
WSG University in Bydgoszcz (Быдгощтағы Экономика университеті) |
Польша, Быдгощ қаласы |
|
|
Евфросиния Полоцкая атындағы Полоцк мемлекеттік университеті |
Беларусь Республикасы Новополоцк қаласы |
|
|
Тракия университеті |
Болгария Стара Загора қаласы |
|
|
Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті |
Ресей Федерациясы, Мәскеу |
|
|
Қазан (Еділ) федералды университеті |
Ресей Федерациясы, Қазан |
|
|
Бургас Еркін университеті |
Болгария |
|
|
Пусан шет тілдер университеті |
Корея Республикасы, Пусан |
|
|
Тербука университеті |
Индонезия |
|
|
Ташкент архитектура және құрылыс университеті |
Өзбекстан |
|
|
Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті |
Өзбекстан |
|
|
Термез мемлекеттік педагогикалық институты |
Өзбекстан |
|
|
Ош мемлекеттік педагогикалық университеті |
Қырғызстан |
|
|
М.М. Адышев атындағы Ош технологиялық университеті |
Қырғызстан |
|
|
Б. Сыдықов атындағы Қырғыз-Өзбек Халықаралық университеті |
Қырғызстан |
|
- Published in Университет
- Written by Shax
- Add new comment
Қызылорда ашық университетенің Отандық ЖОО-мен келісімдер тізімі
Қызылорда ашық университетенің Отандық ЖОО-мен келісімдер тізімі
№ |
ЖОО атауы |
Мекен-жайы |
Лого |
|
ЖШС «ASTANA IT UNIVERSITY» |
Астана қаласы, Мәңгілік Ел 55/11 |
|
|
«AML ACADEMY» қаржылық мониторинг академиясы акционерлік қоғамы |
Астана қаласы, Ш.Уәлиханов к-сі, 11 |
|
|
Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) |
Алматы қаласы, ул. Розыбакиева, 227 |
|
|
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті |
Қызылорда қаласы, Айтеке би к-сі, 29А |
|
|
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті |
Ақтау қаласы, Микрорайон 32 |
|
|
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті |
Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия, 34 |
|
|
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті |
Көкшетау қаласы, М.Ауэзов к-сі, 189а |
|
|
Жұмабек Тәшенев атындағы университеті |
Шымкент қаласы, Қонаев даңғылы, 21 |
|
|
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті |
Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 208 |
|
|
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты |
Тараз қаласы, Желтоқсан к-сі, 69Б |
|
|
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті |
Атырау, Студенческий даңғылы, 212 |
|
|
Алматы технологиялық университеті |
Алматы, Төле би к-сі, 100 |
|
|
Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және Газ университеті |
Атырау қаласы, Баймуханов 45А |
|
|
«Тұран –Астана» университеті |
Астана, Ы. Дүкенұлы |
|
|
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті |
Алматы, Достық даңғылы, 13 |
|
|
Баишев университеті |
Ақтөбе, Ағайынды Жұбановтар к-сі 302А |
|
|
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті |
Тараз қаласы, Сүлейменова даңғылы, 7 |
|
|
Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті |
Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 13 |
|
|
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті |
Шымкент қаласы, Төле би, 32 |
|
|
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті |
Көкшетау қаласы, Абай к-сі, 76 |
|
|
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті |
Ақтөбе қаласы, А.Молдағұлова к., 34 |
|
|
Халықаралық білім беру корпорациясы |
Алматы қ., Рыскұлбеков к., 28 |
|
23. |
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті |
Шымкент, Тәуке хан даңғылы, 5
|
- Published in Университет
- Written by Shax
- Add new comment
Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма

Ажмолдаева Ақмарал Егізбайқызы
п.ғ.м.
Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы
Миссиясы:
Университеттің білім беру сапасын арттыру және заманауи талаптарға сай болу үшін академиялық процестерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету.
Міндеттері:
- Академиялық саясатты дамыту және енгізу.
- Оқу бағдарламаларын аккредиттеу және сапасын бақылау.
- Оқу үрдісін ұйымдастыру және үйлестіру.
- Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау жүйесін дамыту.
- Оқытушылардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын ұйымдастыру.
Функциялары:
- Академиялық оқу жоспарларын әзірлеу және бекіту процесін бақылау.
- Университеттің ішкі нормативтік құжаттарын дайындау және іске асыру.
- Білім беру сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық жобаларды енгізу.
- Академиялық үлгерімді талдау және есептер дайындау.
- Студенттердің оқу жетістіктерін тіркеу және мониторинг жүргізу.
- Published in Университет
- Written by Shax
- Add new comment
Ақпараттық технологиялар бөлімі
Омирбеков Руслан Усенович Бөлім басшысының м.а. |
Миссиясы:
Ақпараттық технологиялар бөлімі университеттің цифрлық инфрақұрылымын дамыту және заманауи технологияларды енгізу арқылы білім беру мен басқару процестерінің тиімділігін арттыруды көздейді. Бөлім білім беру және әкімшілік қызметтерін цифрландыру арқылы сапаны арттыруға ұмтылады. Міндеттері:
|
- Published in Университет
- Written by Shax
- Add new comment
Әкімшілік шаруашылық жұмыстар басқармасы
Байниязов Дархан Таскараевич к.т.н. |
Басқарма туралы "Қызылорда ашық университетінің" әкімшілік-шаруашылық жұмыстар жөніндегі басқармасы университеттің инфрақұрылымын заманауи талаптарға сай дамыту арқылы білім беру процесін үздіксіз және сапалы қамтамасыз етуге ұмтылады. Басқарма университеттің материалдық-техникалық базасын жетілдіру және қолдау жұмыстарын тиімді түрде ұйымдастыруды көздейді. Міндеттері:1. Университет ғимараттарын, жатақханаларды және басқа да нысандарды техникалық қызмет көрсету, жөндеу және ұстау арқылы сапалы жағдайлармен қамтамасыз ету.
|
- Published in Университет
- Written by Shax
- Add new comment
Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуға үміткер
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы №128 бұйрығы мен бекітілген Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрінің 2024 жылы 05 қыркүйектің №435 бұйрығындағы өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, Қызылорда ашық университетінің Ғылыми Кеңесі «Экономика және басқару» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Әлібекова Айгүл Бекқожақызының «50200– Экономика және бизнес» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін дайындалған анықтамасы мен ғылыми еңбектер тізімін орналастырады.
Docs
- Published in Университет
- Written by Shax
- Add new comment