Білім мен технология тоғысқан кездесу

  Қызылорда ашық университетіне халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы мен білім алушылары арнайы іссапармен келді.

  Кездесу барысында қонақтарға университеттің оқу-материалдық базасы таныстырылып, заманауи технологиялармен жабдықталған робототехника кабинеті көрсетілді.

  Сонымен қатар, университеттің инновациялық жобаларының бірі – «Ақылбай» роботы таныстырылып, оның мүмкіндіктері мен қызметі туралы ақпарат берілді.
Бұл шара екі оқу орны арасындағы білім және тәжірибе алмасуды нығайтып, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қосады.