Кітапхана қоры жаңа әдебиеттермен толықты
Оқу орнымыздың кітапханасына жаңа кітаптар легі келіп қосылды. Бұл кітаптар білім алушылардың оқу үдерісін толықтырып, ізденісін арттыруға үлкен мүмкіндік береді. Жаңа әдебиеттер түрлі сала мен бағытты қамтып, оқырман сұранысына сай іріктелген. Кітап қорының жаңаруы студенттердің білім көкжиегін кеңейтуге ықпал етеді. Барша білім алушыларды кітапханаға келіп, жаңа кітаптармен танысуға шақырамыз.