«Diamond Show» студенттік жастар балы – жарқын өнер мен әсемдік кеші!

Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі «Diamond Show» студенттік жастар балында университет пен колледжіміздің студенттері ерекше белсенділік танытты.

Екі жұп шәкірттеріміз студенттік вальске қатысып, жоғары өнер көрсетіп, көрермендер қошеметіне бөленді. Соның ішінде Нұржігіт пен Мөлдір талғам мен талпыныстың үйлесімін көрсетіп, жүлделі II орынды жеңіп алды!

Сонымен қатар, шараға белсене атсалысып, ұдайы қоғамдық жұмыстарда көзге түскен жастарымыз алғыс хаттармен марапатталды.

Бұл кеш – шығармашылыққа құштар, өнерді сүйетін жастарымыздың бірлігі мен дарындылығын айқындаған қайталанбас шара болды.