Президент II Стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйледі
Бүгін Астана қаласында өткен II Стратегиялық серіктестер форумы аясында Мемлекет басшысы «Қазақстан – академиялық білім аймағы» атты панельдік сессияда сөз сөйледі.
Президент өз сөзінде білім мен ғылым саласының дамуына ерекше тоқталды:
Білім мен ғылым – әлемді өзгерте алатын ең басты күш екенін атап өтті;
Жоғары білім беру инфрақұрылымы жаңарып, жаңа кампустар мен жатақханалар салынып жатқанын айтты;
Еліміздің 5 университеті Times Higher Education рейтингіне енгенін зор жетістік ретінде бағалады;
Қазақстанда ChatGPT негізінде білім беру құралдарын енгізу және Жасанды интеллект университетін ашу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады;
Шетелдік жоғары оқу орындарының 33 филиалы жұмыс істеп, олардың барлығында қазақ тілі мен Қазақстан тарихы міндетті пән ретінде оқытылатынын атап өтті;
2029 жылға қарай шетелдік студенттер санын 100 мыңға дейін арттыру жоспарланғанын айтты.
Президент сөзін қорытындылай келе:
«Мықты университеттер – келешектің фабрикасы. Ғылымның ең басты миссиясы – адамзат игілігіне қызмет ету» – деді.

  
  
