Академиялық ұтқырлық аясындағы студент жетістігі
Қызылорда ашық университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Култаев Бактияр академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 1 семестр бойы Тұран-Астана университетінде білім алуда. Бұл мүмкіндік студенттің кәсіби құзыреттілігін арттыруына, құқық саласындағы жаңа білімдер мен тәжірибелерді игеруіне, сонымен қатар басқа жоғары оқу орындарының студенттерімен тәжірибе алмасып, ғылыми-мәдени байланыстар орнатуына жағдай жасайды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы – студенттердің жеке дамуына, болашақ маман ретінде қалыптасуына, жаңа ортада өзін сынап көруіне және білімін халықаралық стандарттарға сай жетілдіруіне бағытталған маңызды қадам.