БІЛІМДІ ЖАС – КЕЛЕШЕК БІЛІКТІ МАМАН

📌 Бүгін Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде ҚР Конституциясы күні мен Білім күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Шараға оқу орнының басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар мен ата-аналар қатысты.

📌 Университет ректоры Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы сөз сөйлеп, студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

📌 Мерекелік іс-шара барысында мемлекеттік мерекелердің маңызы мен жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу мәселелері айтылды. Сонымен қатар, жаңа оқу жылының басталуына байланысты студенттерге тілектер айтылып, білімнің құндылығы ерекше атап өтілді.

📌 Іс-шара мерекелік концерттік бағдарламаға ұласып, студенттер өз өнерлерін ортаға салды.