12.08.2025
“Қызылорда ашық университеті” білім беру мекемесі
Ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы лауазымына (1 бірлік) бос орынға конкурс жариялайды.
Лауазымға қойылатын талаптар:
- Ақпараттық технологиялар, инновацияларды басқару немесе тиісті салалар бойынша жоғары білім;
 - Ақпараттық технологиялар саласында табысты басшылық тәжірибесі (кемінде 2–3 жыл);
 - Қазіргі цифрлық технологиялар мен трендтерді, соның ішінде жасанды интеллектті терең түсіну;
 - IT-командаға басшылық ету және мердігерлермен жұмыс істеу тәжірибесі;
 - Жоғары деңгейдегі коммуникативтік және презентациялық дағдылар;
 - Ағылшын тілін кәсіби қарым-қатынас жүргізуге жеткілікті деңгейде меңгеру;
 - Кәсіби IT-білім мен дағдылар: веб-қосымшалар мен мобильді қосымшалардың архитектурасын білу, UX/UI дизайн қағидаттары, ақпараттық қауіпсіздік, желілік технологиялар. Даму әдістемелерін (Agile, Scrum, Kanban) түсіну. Прототиптеу құралдарымен (мысалы, Figma, Adobe XD) жұмыс істеу тәжірибесі;
 - Жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету және қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және бақылау.
 
Міндеттері:
- Университеттің кешенді цифрлық трансформациясын басқару, оның ішінде инновациялық цифрлық өнімдер мен сервистерді әзірлеу және енгізу, сондай-ақ студенттердің алдыңғы қатарлы технологиялық бағыттардағы жобалық қызметін ұйымдастыру;
 - Стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыру: университеттің цифрлық стратегиясының vision-ын әзірлеу және іске асыру, университеттің мақсаттарын терең түсіну және оларды нақты цифрлық бастамаларға айналдыру. Қойылған мақсаттарға жету үшін команданың тиімді жұмысын ұйымдастыру;
 - Цифрлық өнімдерді әзірлеуді басқару: веб-сайттар, мобильді қосымшалар (Astana Hub аналогы), білім беру платформалары және басқа да цифрлық сервистерді құру талаптарын толық түсіну, олардың орындалуын бақылау;
 - Студенттік инновациялық жобаларды ұйымдастыру: студенттік командаларды қалыптастыру және басқару, олардың оқуына және жобаларды тәжірибе жүзінде жүзеге асыруына жағдай жасау;
 - IT-инфрақұрылымды және команданы басқару: жүйелік әкімшілер мен IT-бөлімнің басқа да мамандарының қызметін басқару, университеттің IT-инфрақұрылымының тұрақты және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету;
 - Коммуникация және өзара іс-қимыл: университет басшылығымен, оқытушылармен, студенттермен және сыртқы серіктестермен тиімді қарым-қатынас орнату. Цифрландыру стратегиясын және жобалар нәтижелерін таныстыру;
 - Нетворкинг және мүмкіндіктерді іздеу: IT-индустрияда және білім беру саласында кәсіби байланыстар желісін дамыту және қолдау. Университеттің цифрлық бастамаларын дамыту үшін әлеуетті серіктестерді, инвесторларды және мүмкіндіктерді іздеу;
 - Техникалық сараптама және құралдар: негізгі бағдарламалау тілдерін (Java, Python, JavaScript, C#), деректер базасын басқару жүйелерін, бұлттық технологияларды (AWS, Azure, Google Cloud) терең түсіну. Жобаларды басқару жүйелерімен, нұсқаларды басқару жүйелерімен (Git) жұмыс істеу тәжірибесі. CI/CD қағидаттарын түсіну. Жасанды интеллект және машиналық оқыту негіздерін білу, тиісті кітапханалармен және фреймворктермен (TensorFlow, PyTorch) жұмыс істеу тәжірибесі;
 - Мемлекеттік сатып алу процесіне байланысты IT-инфрақұрылымды басқару.
 
Мыналар бойынша білімге ие болуы тиіс:
- Қазіргі заманғы компьютерлік және желілік жабдықтар;
 - Бағдарламалық қамтамасыз етудің әртүрлі түрлері;
 - Бағдарламалау;
 - Ақпаратты автоматты өңдеу және сақтау тәсілдері;
 - Байланыс құралдары, интернет-орта;
 - Техникалық құжаттама стандарттары;
 - Бизнесті жүргізу негіздері;
 - Еңбек заңнамасы;
 - Персоналды басқару;
 - IT-жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету (ақпарат пен IT-инфрақұрылымды рұқсатсыз кіруден, вирустардан және басқа қауіптерден қорғау шараларын әзірлеу және енгізу).
 
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (университет қызметкері):
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
 - Университеттің цифрлық даму стратегиясы (5–7 слайдтан аспайтын презентация).
 
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (университет қызметкері емес):
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
 - Еркін формада жазылған өмірбаяны;
 - Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
 - Еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың үзінді көшірмелері;
 - ҚР ДСМ-нің 30.10.2020 ж. №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысанды медициналық анықтама;
 - ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінен берілетін, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны немесе жасамағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы жөніндегі анықтама;
 - Университеттің цифрлық даму стратегиясы (5–7 слайдтан аспайтын презентация).
 
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
Мекенжайы: Қызылорда қ., Ғ. Мұратбаев көшесі, 72, Қызылорда ашық университетінің оқу корпусы, №207 кабинет немесе электронды пошта арқылы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Анықтама үшін тел.: 8 701 724 6995