📚ҚҰНДЫ ЕҢБЕК — ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ТАРТУ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Абдикаримов Бақытхан Жүнайдұлы «Молекулалық физика» атты өзінің ғылыми еңбегін Қызылорда ашық университетіне сыйға тартты. 🎓📖
💡 Аталған ғылыми еңбек молекулалық физика саласының күрделі заңдылықтарын терең әрі жүйелі түрде талдап, болашақ зерттеушілер мен студенттерге зор әдістемелік көмек бола алады. Бұл құнды сый — оқу орны кітапханасының ғылыми қорының толығуына және білім алушылардың таным көкжиегінің кеңеюіне үлкен үлес қосады.
🌟Профессордың игі ісі жас ұрпаққа сапалы білім беруге деген шынайы ниетін, ғылымға деген адалдығын айғақтайды.