AI HUB HACKATHON Atyrau 2025
AI HUB HACKATHON Atyrau 2025 — жасанды интеллект пен сандық технологияларды дамытуға бағытталған IT саласындағы командалық додада Қызылорда ашық университетінің "Open Univer" командасы табысты өнер көрсетті!
🧠 Команда мұнай құбырындағы апаттарды болжау бойынша өз білімдері мен дағдыларын сынап, қысым, температура және діріл көрсеткіштеріне негізделген AI моделін әзірлеу бойынша тапсырманы орындады.
💡 Нәтижесінде команда "Datadrill" атты бірегей жобасын ұсынып, оған арнап арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету мен қолданушыға ыңғайлы интерфейс жасады.
🔹 Топ жетекшісі:
Құдайберген Абзал – "Инженерлік технологиялар" кафедрасының оқытушысы
🔹 Топ мүшелері:
▫️ Оралбай Рысдәулет – Ю-23-1 оқу тобы
▫️ Бахытжан Медет – Инф-22-1 оқу тобы
▫️ Ерболатова Нурайлым – Инф-22-1 оқу тобы
▫️ Ерланқызы Перизат – Инф-22-1 оқу тобы
▫️ Досболқызы Аружан – ПП-23-1 оқу тобы
🔍 Хакатон аясында қатысушыларға алдын ала берілген 4 бағыт бойынша нақты кейс тапсырмалар ұсынылды. "Open Univer" командасы бұл сынақты абыроймен еңсеріп, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен технологиялық шеберліктерін жоғары деңгейде дәлелдеді.
📌 Осындай жарыстар студенттеріміздің тәжірибесін арттырып, болашақ кәсіби жолына берік негіз қалайды.
🔥 Жас таланттарды қолдаймыз және мақтан етеміз!