АШЫҚ ЕСІК КҮНІ / ІІ КҮН

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ / ІІ КҮН

🏛Бүгін Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен Ашық есік күні өткізілді.

📌Ашық есік күнінің екінші күнінде қаламыздағы Т. Жүргенов атындағы № 136 мектеп-лицейі, № 253 орта мектебі, Т. Рысқұлов атындағы № 222 орта мектебі, Б. Ермекбаев атындағы № 271 орта мектебі, Б. Момынбаев атындағы № 278 ақпараттық технология мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушылары оқу орнымызға келіп, университет пен колледждің білім беру бағыттарымен, оқу процесімен, материалдық-техникалық базасымен танысты.

🔍 Оқушылар білім беру ғимараттарын аралап, заманауи зертханалар мен оқу кабинеттерін, кітапхана, IT сыныптар мен спорт залдарын тамашалады. Сонымен қатар, оқушыларға оқу бағдарламалары, қабылдау ережелері, білім гранттары, шетелдік серіктестік жобалар, сондай-ақ студенттік өмір жайында толық ақпараттар берілді.

🗣 Шара барысында университет пен колледждің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысып, талапкерлерге кәсіптік бағдар беру бағытында тәжірибелерімен бөлісті. Аталған іс-шара оқушыларға кәсіби бағдар беріп, мамандықтарын дұрыс таңдауға ықпал ететін маңызды шараға айналды.