ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ🔎

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Қызылорда ашық университетінің студенттерімен құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында кездесу ұйымдастырды.✔

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясында адам мен азаматтарға кепілдік берілген құқықтары, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның ережелері, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша Өкілі қызметінің міндеттері туралы ақпараттар айтылды.

Видеоны көру