ДАРА ТУҒАН ДАНА ТҰЛҒА📜

ДАРА ТУҒАН ДАНА ТҰЛҒА📜

Қызылорда ашық университеті кітапханасы мен «Құқық және қызмет көрсету» кафедрасының бірлесе ұйымдастыруымен көрнекті ғалым, академик Е.А. Букетовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Дара туған дана тұлға» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге университет оқытушылары, ИИЧ-23-1, ВТиПО-23-1 оқу тобының білім алушылары мен кітапханашылар қатысты.

Іс-шарада Е. Букетовті тек қана химия және металлургия саласының ғалымы ретінде ғана емес, сонымен қатар көрнекті әдебиетші, шебер аудармашы, публицист, сыншы болғандығы туралы ақпараттар айтылды.

«Құқық және қызмет көрсету» кафедрасының оқытушысы А.Адамбаева, «Инженерлік технологиялар» кафедрасының оқытушысы Г.Өтепберген Е.Букетовтың М. Әуезов шығармаларын талдап, туындылар жазған сарабдал сыншы екенін айта келіп, С. Есениннің «Анна Онегина» поэмасын, В. Маяковскийдің өлеңдерін ана тілімізге аударғанына тоқталып өтті.

Білім алушылар ғалым өміріне арналған «Дара туған дана тұлға»
атты кітап көрмеде көрермендер Е.Букетовтің шет ел және қазақ ғалымдары мен жазушылары туралы естелік-эсселерді баяндайтын «Көкейтесті»,«Алты хат» повесті, Қ. Асанұлының «Евней Бөкетов — публицист», М.Сәрсекенің «Ебіней Бөкетов: Ғұмырнамалық деректі хикаяты т.б кітаптарымен танысты.

Видеоны көру