АШЫҚ ЕСІК КҮНІ / І БӨЛІМ
🏛Бүгін Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен ерекше әрі мазмұнды шара — Ашық есік күні өткізілді.
📌Ашық есік күнінің алғашқы күнінде қаламыздағы №7 мектеп-лицейі, М.Шоқай атындағы №187 IT мектеп-лицейі, І.Қабылов атындағы №12 ақпараттық-технология мектеп-лицейі және Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары оқу ордамызға келіп, университет пен колледждің материалдық-техникалық базасымен, мамандықтары жайлы ақпараттар алды. Сондай-ақ, заманауи зертханалар мен оқу аудиторияларын аралап, білім беру үдерісімен және студенттік өмірмен жақын танысты 🔬📚 Студенттермен ашық сұхбаттасып, мамандықтар бойынша пайдалы ақпараттар алды.
Шара соңында мектеп директорының бағдарлы ісі жөніндегі орынбасарларына арнайы алғыс хаттар табысталды.🏅👏
Ашық есік күні түлектерге үлкен әсер қалдырып, олардың мамандық таңдауға деген сенімділігін арттырды.🎓❤
Кездесулеріміз әлі де жалғасын табатын болады.🔜🔜🔜
Бізбен бірге болыңыз!