ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXXIV СЕССИЯСЫНА ҚЫЗЫЛОРДА АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ҚАТЫСТЫ

⚜️Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-ші сессиясы өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның 30 жылдық жолын қорытындылап, оның ел бірлігі мен тұрақтылығындағы стратегиялық рөлін ерекше атап өтті.

⚜️Ассамблея – «біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» деген қағиданы жүзеге асырған бірегей институт. Президент оны «бірлік пен келісімнің шынайы символы» деп атады. Бұл – барша қазақстандықтардың ортақ пікірі.

Мемлекет басшысы әр азаматтың ұлтына, дініне, тіліне қарамастан тең құқыққа ие екенін нақты айтты. Бұл – Әділетті Қазақстанның негізі. Сонымен қатар, кез келген арандатушылық пен жалған ақпарат таратуға заң шеңберінде қатаң тосқауыл қойылатынын ескертті.