ҚЫЗЫЛОРДА АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН НИЗАМИ АТЫНДАҒЫ ТАШКЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК ОРНАТТЫ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына ресми сапары аясында айтқан:
👉 «Білім беру мен ғылым – елдің болашағын айқындайтын стратегиялық сала. Жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту – біздің басты мақсатымыз» деген сөзі бүгінде нақты істермен жалғасуда.
Қызылорда ашық университетінің Құрылтайшылар кеңесінің мүшесі Мұрат Кылышбайұлы Бисенов бастаған делегацияны Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Абдугаппор Каримжонович Киргизбаев ресми түрде қабылдады.
🤝 Екіжақты кездесудің нәтижесінде:
🔹 Педагогикалық ғылымдар саласы бойынша қосдипломды білім беру бағдарламасын бірлесіп әзірлеу және жүзеге асыру;
🔹 Студенттер мен оқытушы-профессорлардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету;
🔹 Бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын ұйымдастыру бойынша нақты жоспарлар талқыланды.
🌍 Бұл стратегиялық серіктестік – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырлас елдердің ғылым, білім, мәдениет саласындағы байланысын жаңа деңгейге көтеру жолындағы нақты қадам.