💡БІЗДІҢ ОҚЫТУШЫЛАР - ҚАРМАҚШЫДА
Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің оқытушы-профессорлық құрамы Қармақшы ауданының мектептерін аралап, жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берді. Іс-шараның басты мақсаты – мектеп оқушыларына болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, жоғары оқу орындары мен колледждерде ұсынылатын білім беру бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат ұсыну болды.