«Коворкинг» орталығының жұмысымен, атаулы күндер күнтізбесі бойынша жасалды

Қызылорда ашық университетінің «Құқық және қызмет көрсету» кафедрасы «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы БД-24-1 оқу тобының білім алушылары мен аталмыш топ эдвайзеры Г.Қ.Есмагамбетова Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №12 кітапхана филиалында кітапхана бөлімдерінің қызметімен танысты.

Танымдық әрекеттер барысында білім алушылар автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі «РАБИС» жайлы практикалық тұрғыдан білімдерін зерделеп, «Коворкинг»орталығының жұмысымен, атаулы күндер күнтізбесі бойынша жасалатын іс-шаралар және жаңа ақпараттық технологиялармен, кітапхана қызметкерінің автоматтандырылған жұмыс орнымен танысты.