Қызылорда ашық университетінде «Мобильді желілер эволюциясы» тақырыбында ашық сабақ өтті
Қызылорда ашық университетінің инженерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушысы А.М.Құдайбергенов «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы ВТиПО-23-1 оқу тобының студенттеріне «Мобильді желілер эволюциясы» тақырыбындағы ашық сабағы өткізілді. Ашық сабаққа дебат форматы таңдалды. Дебат форматы арқылы студенттер өз пікірлерін дәлелдеп, қарсы пікірлерді тыңдай отырып, өз көзқарастарын қорғауға үйрене білді.
Ашық сабақ барысында қазіргі таңда өзектілігі жоғары 4G және 5G технологияларының ерекшеліктері талқыланып, жоғары жылдамдықты 5G технологиясына өту жолдары қарастырылды. Ашық сабақ барысында қатысушылар өз позицияларын қорғап, сабақ соңына қарай әр студент өзінің жеке ойын білдірді.