Shax

Shax

Жаңару күні

Жаңару күні – жаңа бастамалардың, жаңа үміттердің күні. Бұл күні біз тек өзімізді ғана емес, табиғатты да жаңартып, болашақ ұрпаққа жасыл әлем қалдыруға ұмтыламыз.

⚜️Бүгін Қайырымдылық жасау күніне орай қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

⚜️Бүгін Қайырымдылық жасау күніне орай қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңке ұйымдастырудағы басты мақсат – студенттер мен оқытушылар бірлесіп, қоғамдағы мұқтаж жандарға көмек көрсетуге шақыру болды. Жәрмеңке барысында оқу орнының студенттері түрлі тағам түрлерін ұсынып, өз қолдарымен дайындалған дәмді тағамдар мен тәттілерді сатылымға шығарды.

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ӨТТІ

Бурабайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың ІV отырысы өтті. Президентіміз Ұлттық құрылтай жұртымызды ортақ мақсатқа ұйыстырып, игі істерге жұмылдырғанын атап өтіп, қоғамдағы өзектідеген, атап айтқанда салық саясаты, уақыт белдеуі, ұрпақ тәрбиесі, еңбек нарығы, тағы басқа түрлі мәселелерге назар аударды.

⚜16 наурыз — Шаңырақ күні.

⚜ Осы тамаша мейрамда баршаңыздың шаңырақтарыңызға бақыт, береке, тыныштық пен ырыс тілейміз! Әрбір үйде мейірім, шаттық пен қуаныш орнап, отбасы мүшелерінің арасындағы сүйіспеншілік пен бірлік арта берсін. Қазақтың құндылықтары мен дәстүрлері әрқашан сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып қалсын!

15 наурыз - Қайырымдылық күні құтты болсын! ✨

Осы ерекше күні баршаңызға мейірімділік пен қайырымдылық көрсетіп, жақсылық жасау арқылы әлемді жарқын етуге ықпал етіңіздер. Әрбір әрекетіміз бен сөзіміз адамгершілік пен бір-бірімізге деген сүйіспеншіліктің көрінісі болсын. Сіздерге бақыт, денсаулық, тыныштық және табыс тілейміз!

14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесін» атап өтуден «Наурыз» мейрамын тойлау бастау алды

Қазақ күнтізбесіндегі Наурыз айының орны ерекше. Жыл он екі айдың басы, көктемнің алғашқы айы. Бұл уақытты асыға күтіп, құт мезгіліне балайтындар есте қаларлықтай қасиетті ай деп те жатады. Расында да наурыз айы – табиғаттың жаңғырар, тіршілік атаулының тірлік танытар мерзімі.

Жаңа кітаптар көрмесі

Қызылорда ашық университетінде «Жаңа кітаптар» көрмесі өтті. Көрмеде университет кітапханасына түскен жаңа оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер ұсынылды. Барлық басылымдар оқытушылардың сұранысына сәйкес іріктеліп, кадрлар даярлау бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын қамтыды.

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

⚜️ Кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы бірқатар білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушыларымен арнайы кездесулер ұйымдастырды. Атап айтқанда, № 11 орта мектебі, № 257 орта мектебі, № 172 орта мектебі, № 176 орта мектебі, № 1 мектеп-гимназиясы, № 6 орта мектебі, № 211 орта мектебі, № 197 орта мектебі және № 282 мектеп-лицейінде оқушылармен кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында мазмұнды кездесулер өткізілді. Бұл шаралар түлектерге болашақ мамандық пен оқу орнын саналы түрде таңдауда қолдау көрсетуге бағытталған.

Subscribe to this RSS feed